2006 жылғы 1 наурызда ТМД аумағында жалғыз болып табылатын,Финляндияның толық автоматтандырылған желіде жүзеге асатын, құрғақ вибро-престеу әдісімен бетон бұйымдарын өндіретін зауыт іске қосылды. Барлық процестер — инертті материалдарды бункерлерге толтырудан бастап, цемент беру, престеу, кептіру және дайын өнімді жөнелтуге дейін — компьютерлік жүйелер арқылы бақыланады.
Осы жылдар бойы өндіріс Қазақстандық және Финляндиялық мамандардың қатаң бақылауында болып, өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етіп келеді. Барлық матрицалар мен қосалқы бөлшектер тек Финляндиядан жеткізіледі.
20 жыл ішінде біз зауыт-өндірушіден толық циклді компанияға дейінгі жолдан өттік. Клиенттерімізге жобалау және құрылыс қызметтерін ұсынамыз, сондай-ақ үйлер, ішкі қабырғалар, қоршаулар мен ландшафттық құрылымдар салуға арналған әртүрлі бетон бұйымдарын өндіреміз.
FINNBLOCK зауытында бетон бұйымдарын өндіру үшін(СТ РК EN 15435-2022) келесі материалдар қолданылады: еленді материал (отсев), жуылған тау құмы, цемент және су. Қосымша қоспалар мен химиялық заттар қолданылмайды. Үш қабатты FINNBLOCK өнімдерінде жылуоқшаулағыш ретінде Ресейдің СИБУР компаниясы өндірген ALPHAPOR материалы пайдаланылады.
FINNBLOCK финдік құрылыс технологиясы ҚР СП 2.03-30-2017 Қазақстан Республикасының сейсмикалық аудандарында (аймақтарында) құрылыс құжатында сипатталған және МОНОЛИТТІК-ТАС ҚАБЫРҒА ретінде жіктеледі. II ТИП — сыртқы көтергіш қабаттары және ішкі жылуоқшаулағыш қабаты бар үш қабатты қабырға.
ҚАЗҒЗСҚА (КАЗНИИСА) түйіндерді әзірлеп, финдік құрылыс технологиясын Қазақстанның сейсмикалық жағдайларына бейімдеді. ҚАЗҒЗСҚА полигонында жүргізілген сынақтардан кейін қосымша беріктік қоры ескеріле отырып, FINNBLOCK зауытының бетон бұйымдарына 9–10 баллдық сейсмикалық аймақтарда қолдануға рұқсат берілді.
Құрылысыңыз оңай әрі қолжетімді болуы үшін бәрін жасаймыз!
Қазақстан Республикасында эскиздік жоба жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін қажетті рұқсат беру (келісу) құжаттамасының бір бөлігі болып табылады.
Толығырақ
Біз сіз үшін сенімді әрі жылы үйді толық "жабдықтап тапсыру" форматында - сапалы,ашық сметамен және мерзіміне сай саламыз.
Толығырақ
Ғимарат құрылысының бастапқы кезеңі, үйден түсетін жүктемені топыраққа беретін көтергіш негізді орнатуды қамтиды.
ТолығырақӨтінім қалдырыңыз, біз Сізге ең қысқа мерзімде қайта хабарласамыз
Телефоныңызды енгізіңіз, біз Сізге қысқа мерзімде хабарласамыз
Өтінім қалдырыңыз, біз Сізге ең қысқа мерзімде қайта хабарласамыз!
Келесі қадам 1 / 4
Сіздің өтінішіңіз қабылданды, біз сізге жақын арада хабарласамыз!